$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда Ядролық банк құру туралы халықаралық шарт тамыз айында қабылданады

Қазақстанда Ядролық банк құру туралы халықаралық шарт 2015 жылы тамыз айында қабылданады.

Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Барлыбай Садықов мәлiм еттi. 

Қазақстан Халықаралық агенттiгiнiң төмен байытылған уранның халықаралық банкiн құру туралы ұсыныс тастаған болатын. 

«Бұл ұсыныс халықаралық қауымдастықтың кең қолдауына ие болды. Үстiмiздегi жылы 11 маусымда Халықаралық атом энергетикасы агенттiгiнiң басқарушылар кеңесi Қазақстанда төмен байытылған уран банкiн құру туралы келiсiмдi және Ресей Федерациясымен транзиттiк келiсiмдi бекiттi. Аталған келiсiмге қол қою биыл Қазақстанда тамыз айының аяғында ядролық сынақтарға iс-қимылдық халықаралық күнi қарсаңында агенттiктiң бас директоры Юкио Аманоның қатысуымен жоспарлануда. Банкке қатысты халықаралық атом энергиясы агенттiгiмен келiссөздер Қазақстанның барлық мүдделi мемлекеттiк органдарымен бiрлесе 4 жыл бойы жүргiзiлдi», - дедi ол. 

Оның сөзiне қарағанда, Банк Өскеменде Үлбi металлургиялық зауыты аумағында орналасады. Байытылған уран МАГАТЭ-ге қарайтын болады. Банктiң құрылуы барша әлемде уранды бейбiт мақсатта қолдануға мүмкiндiк бередi. 

«Материалдар толығымен МАГАТЭ-нiң иелiгi деп саналатын болады. Банк Өскеменде Үлбi металлургиялық зауыты аумағында орналасады. МАГАТЭ бұл орынды жәйдан жәй таңдаған жоқ. Мұнда тиiстi технологиялар мен бiлiктi мамандар бар. Ядролық материалды қолданудың мол тәжiрибесi де жоқ емес. Қаржыландыру 150 млн. долларды құрайды. Оған ерiктi түрде бiрқатар елдер қаржы қосады. МАГАТЭ-ға аталмыш сома төленiп қойған. АҚШ - 49,5 млн., Еуропалық одақ - 25 млн. еуро, Кувейт пен БАӘ - 10 млн. доллардан, Норвегия Үкiметi - 5 млн., сонымен қатар ядролық қауiпке қарсы күрес халықаралық қоры 50 млн. доллар бөлдi. Қазақстан көп шығын шығармайды, оның тек сақталуына қажеттi кететiн ұсақ шығындарды мойнына алады», - деп атап өттi ол. 

Оның атап өткенiндей, ядролық материалдарды қолдану талабы жаңа заманға сай болалы. Ол халыққа және экологияға әсер етпейдi. Сонымен қатар арнайы технологиялар болмағандықтаү, төмен байытылған уран қоры лаңкестерге де ешқандай қызығушылық тудырмайды. Ядролық отын қорының құрылуы кез келген елдiң бейбiт уран өнiмiне қол жеткiзуiне мүмкiндiк тудырады. Уран байытуда технологиялары жоқ елдер өздерiнiң елдерiнде атом электр стансасына отын сатып алады.

Ядролық отын банкін (ЯОБ) құру идеясы өткен ғасырда дүниеге келді, сол кездегі ядролық салада өз зерттеулерін жүргізіп жатқан елдер санының күрт өсе бастауымен байланысты. Ядролық отынды алу технологиялары жоқ елдер онымен ЯОБ тарапынан қамсыздандыра алады деп жоспарланды. Идеалды түрде банк ядросыз мемлекетте орналасып, МАГАТЭге бағынышты төмен деңгейде байытылған уран қоймасы болуы керек.

Ядролық отынның халықаралық резервтерін қалыптастыру көптеген халықаралық форумдардың, соның ішінде МАГАТЭнің күн тәртібінде тұрған мәселе. Ядролық отынды тұтынушы елдердің онымен тұрақты және ұзақ мерзімді болашақта кепілді қамсыздандырылуның көп жақты механизмін жасау бүгінгі күні өзектілігін жоя қоймаған мәселе. Ядролық отынмен қамсыздандырылудың үзіліп қалу ықтималдылығы мемлекеттерді уранды байытуға бағытталған жеке қуаттылықтарын дамытуға алып келуі мүмкін, ал бұндай жағдайда ядролық потенциалдың қолайсыз бағыттарда таратылып кетпейтініне ешкім де кепілдік бере алмайды. Яғни, ЯОБ құру мәселесі - халықаралық қауіпсіздіктің негізін құрайтын мәселелердің бірі.

ЯОБ-да жаңа алынған, яғни сәулеленбеген отын сақталатын болғандықтан, оның қауіптілігі дәрежесі біздің еліміз өндіріп жатқан уран қауіптілігінен артық болмайды.

Қазақстанға ЯОБ құрудан не пайда?

ЯОБ құруды сеніп тапсыруға болатын елдер ішінде осыған үміткер болуға моралді құқығы бар және не үшін екенін артық айтып жатпай-ақ қояйын. Жалпы, Қазақстан осындай шешімнен не ұтады? Егер халықаралық ядролық отын банкін құру үшін еліміздің кандидатурасы таңдалса, онда:

- ең қарабайыр себебі - Қазақстанның ядролық қарудың таратылмауының белсенді жақтасы және жаһандық ядролық қауіп-қатерлерді қысқарту ісіндегі негізгі акторлардың бірі ретіндегі халықаралық имиджі нығая түседі;

- тағы бір сондай себебі - егер еліміздің кандидатурасы таңдалса, онда бұл біздің атом саламыздың сапасы халықаралық деңгейде мойындалғанының айғағы. Оның есесіне, айта кету керек, 2011 жылдың 29 шілдесінде Қазақстан аумағында ЯОБ орналастыруға байланысты өзін ұсынғанда, елімізден басқа мемлекеттерден ресми ұсыныстар болмады. Кандидатураларын ұсына алатын ықтимал елдер өзінің дайын еместігін және талаптарға сай еместігін жеткізіп білдірген;

- осы салада жоғары технологиялардың Қазақстанға енуіне, дамыған мемлекеттермен тәжірибе алмасуға оң септігін тигізеді;

- уран өндірісімен және ядролық-отындық циклмен байланысты кәсіпорындардың қайта жандануына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына алып келеді;

- еліміздің ядролық энергетикасының дамуына, ғылыми-технологиялық базасының жетілуіне оң әсерін береді;

- еліміздің қауіпсіздігіне де оң әсерін береді деп күтілуде. Себебі ядролық отыны бар ел бүкіл халықаралық қауымдастықтың назарында болып, оның тарапынан қорғауға алынуы ықтимал. Терроризмнің етек жаю қаупі де азаяды.

Тағы бір айта кететін жайт, ЯОБ құру еліміздің негізінен саяси мүдделеріне жауап береді, себебі бұл жерде тікелей қаржылық немесе басқа да пайда көру күтілмейді, себебі бұл жобаның коммерциялық негізі жоқ. ЯОБ-ны қызметін жүзеге асыруға жұмсалатын шығын оның иесі, яғни МАГАТЭ және банктің қатысушылары тараптарынан өтелетін болады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ядролық банк