$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстандықтар шетелдегі 632 миллион теңге тұратын жылжымайтын мүліктерін заңдастырды

Қазақстандықтар 632 миллион теңгеге жуық тұратын шетелдегі жылжымайтын мүліктерін заңдастырды, - деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 345,2 миллиард теңге тұратын жылжымайтын мүлікті жария ету ушін 36 469 өтініш түсті. Оның ішінде 17 өтініш Қазақстан аумағынан тысқарыдағы мүліктерге байланысты болды.

"Мүліктерді жекешелендіру бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 636,2 миллион теңгені құрайтын 17 тұрғын үй нысанын жекешелендіру бойынша өтініш келіп түсті. Олардың арасында 13 тұрғын үйдің сомасы - 631,7 миллион теңге, коммерциялық нысан - 1,5 миллион теңге. Сонымен қатар, сомасы 3,0 миллион теңгеге заңды тұлғаларға 2 қатысу үлесі бар", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев наурыз айында өткен "Нұр Отан" партиясының съезінде жергілікті кәсіпкерлерді қаражатты шетел есепшоттарында емес, Қазақстанда сақтауға шақырған болатын. Президент қазіргі мүлікті заңдастыру науқанының бизнесмендер үшін шетелдегі қаражатты жария етуге мүмкіндік екенін айтты. Мемлекет басшысы екі жылдан соң барлық 17,5 миллион адам үшін кіріс пен шығысты декларациялау болатынын еске салды. "Сол кезде қиындықтар туындайды", - деді Президент. Назарбаев ешнәрсені жасырып қалуға болмайтынын ескертті. Ол жуырда әлем бойынша шетелдің бір банкінде ақша сақтаған 100 мың адамның мәліметінің әп-сәтте жария болғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары