$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда инвесторларға арналған кеңсе ашылды

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қалалық департаментінде инвесторлар үшін арнайы кеңсе ашылды.

Мұнда оларға елімізде кәсіп ашып, бизнес жүргізуде қажет болатын заңнамалар мен құқықтық актілер түсіндіріледі. Сондай ақ сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа итермелейтін жағдайлардың алдын алу туралы кеңес береді. Өйткені кейбір шекпенділер өз қызметін асыра пайдаланып, бизнес өкілдерінің ісіне араласатын жайттар кездесіп жатады. Мысалы, өткен жылы шенеуніктер тарапынан кәсіпкерлікті заңсыз тексеріп, әкімшілік кедергілер келтірген 352 дерек анықталған. Осындай келеңсіздіктер бола қалған жағдайда шетелдік инвесторлар департамент мамандарына хабарласып, көмек сұрай алады.

– Бұл офистің жұмысы егер инвестор қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа тап болса немесе әкімшілік кедергілер болса біздің агенттікке, Ұлттық бюроға хабарласады. Біз оны жоюға көмектесуге дайын боламыз, - дейді ҚР МҚІСЖІҚА Алматы қалалық департаментінің басшысы Айгүл Байханова.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен   «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы» қолдау атты жобасы еліміздің барлық өңірлерінде іске қосылып, жоба  аясында отандық және шетелдік инвесторларды қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету мәселелері талқыланды.

Алматы қаласындағы отандық және шетелдік инвесторлардың ахуалы, олардың  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, заңсыз тексерулер мен түрлі әкімшілік кедергілерді азайту мен   заңды тұрғыдан сапалы қызметтер, әдістемелік көмектер көрсету мәселелері көтерілді.

Жобалық кеңсенің ашылуы Елбасының шетелдік инвесторлар Кеңесінің 31-ші отырысында айтылған тапсырмасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр.

Агенттік Қазақстан Республикасы аумағындағы мүдделі инвесторларға сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғауға 100% кепілдік береді. Агенттік шетелдік компаниялардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтарды барынша қолдау көрсету мен қолайлы жағдайлар туғызуға дайын екендігін нақтылады.

Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары