Көлеңкелі экономикамен күрес, қолма-қол ақшасыз бизнесті ынталандыру - еліміздің экономикасын дамытатын бірден-бір жол. Алматы қаласы мәслихат депутаты, бизнесмен Қайрат Құдайберген осылай деп санайды.
Танымал бизнесмен, меценат, Алматының мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін айқындайтын маңызды құжаттың бизнесті дамытуға арналған тұстарына тоқталды.
«Елбасының кезекті Жолдауын тыңдай отырып оның басқару органдарына үлкен үлгі беретініне көзім жетті. Ол шығармашылықты қоса отырып, қоғамдағы мәселелерді шешудің нақты жолдарын көрсетіп отыр. Мемлекет басшысының саясаты бойынша ең төменгі жалақы көрсеткіші 1,5 есеге көтеріліп, жыл сайынғы 96 млрд теңге бюджеттен бөлінеді. Тұрақты бизнес көздерін дамыту, жекелеген инвестицияларды көбейту, нарық бостандығына мүмкіндік беру. Бұл халқымыздың өмір сапасын жақсартуға бағытталған шаралардың бастамасы ғана», - дейді мәслихат депутаты.
Қайрат Құдайбергенов бизнесмен ретінде Елбасының жеке кәсіпкерлікті қорғау ниетін қолдайтынын айтты.
«Нақтырақ айтқанда, шағын және орта бизнес иелеріне 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеуден бас тарту туралы бұйрық шықты. Оның негізгі сомасына сәйкес төлемақы өсімі мен айыппұлдар есептен шығарылады. Сондай-ақ, Президент «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін созуды тапсырды. Ал, көлеңкелі экономикамен күрес, қолма-қол ақшасыз бизнесті ынталандыру - бұл еліміздің экономикасын белсенді түрде дамытатын бірден-бір жол», - деді Қайрат Құдайберген.
Айта кету керек, Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында "Бизнес жол картасы-2020" бағдарламасын 2025 жылға дейін созу керектігін айтты.
Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық зерттеулер институтымен, сондай-ақ белгілі ғалымдар тобымен бірлесіп, әлемдік тәжірибені зерделей отырып, еліміздің аумақтық-кеңістіктік ұйымдастырылуын жетілдіру жөнінде талдамалық зерттеу жүргізіп жатыр.