$ 494.87  520.65  4.91

Доллардың келешегі қандай?

«Альпари» агенттігінің аға сарапшысы Анна Бодрованың болжамынша қыркүйек айының соңына дейін Қазақстанда тенгенің долларға шаққандағы құны  265-295 теңгені құрайды.

Сондай-ақ доллардың кенеттен құлдырауы мен көтерілулері де болуы ықтимал. Осыған байланысты инвесторларда әлі күнге дейін жаңа биржалық шынайылыққа бейімделе алмауда. Ал еуроның теңгеге шаққандағы құны болса 310-350 теңгені құрайды. Бұл туралы  mln.kz хабарлайды.

Сарапшының айтуынша, теңгенің құбылмалылығы бұрынғыдай мұнай бағамына байланысты болып отыр. Дүйсенбі күні мұнай бағасы айтарлықтай өсті,сонымен қатар Сорт Brent болса доллар баррелін 48.59 шамасында саудалады.Ал қарашалық фьючерс 46.12 доллар шамасында болмақ.

Аталмыш жайтқа байланысты, АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі бұрынғыдай минимальді тұрғыға пайыздық ұтыс қойып отыр.Бұл тұрғыда инвесторлар сауда үшін жаңа мықты құрылғылар іздейтін болады.

Осыған қоса Ұлттық банктің экс-төрағасы Ораз Жандосовтың айтуынша: «Ұлттық валютаның қатаң курсына ие болуы үшін Қазақстан экономикасы мүлдем кіші болып есептеледі. Сондай-ақ фиксациялық курсқа тек екі фактормен ие болуға болады: біріншіден Араб мемлекеттеріндегідей экономикада алтын валюталық резервінің көлемін ұлғайту керек, екіншіден қызмет көрсеу секторынан немесе саудадан қорғайтын экономиканың болуы қажет.  Бірақ, аталған жайттар объективті факторларға байланысты қазіргі таңда мүмкін емес және валютаның еркін айналымда жүруі тек қана сырттан келген құбылыстарға байланысты болып отыр».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары