Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы (ЖСҚ) 2015 жылдың 1-ші жарты жылдығында 155,239 млрд доллар болды. Ал 2014 жылы ЖСҚ 157,423 млрд болған еді. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлайды деп жазады 7kun.kz.
Осылайша, көрсеткіш 6 ай ішінде 1,4%-ға төмендеді.
Ұлттық банктің мәлімдеуінше, мемлекеттің сыртқы қарыз үлесі мен мемлекет кепілдік жасаған қарыздың ортақ көлемі 1-ші жарты жылдықта 5,3%-ға түсіп, 8,276 млрд долларды құрады.
Мемелекет кепілдік бермеген сыртқы қарыз үлесі ЖСҚ көлемі бойынша 146,963 млрд долларды құрады. (2014 жылы 148,720 млрд доллар болған).
Ал халықаралық фирмалардың үлесі ЖСҚ есебі бойынша 52,6% немесе 81,654 млрд долларды құрады.
Сондай-ақ, Қазақстандағы халық саны 17,5 млн адамнан асты.