$ 494.87  520.65  4.91

Ағымдағы жылы сарыағаштықтар  110 млрд теңгенің өнімін өндірген

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Б.Парманов мәлім етті.

Оның 19 млрд. теңгеден астамы өнеркәсіп өнімі болса, 53 млрд. теңгеге жуығы ауыл шаруашылығы саласында өндірілген. Сарыағаш ауданында жергілікті экономиканың өсуіне айтарлықтай үлес қосып жатқан 24 637 шағын және орта бизнес өкілі бар. Олардан бюджетке 732,6 млн. теңгенің салығы түскен.

Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған шағын және орта кәсіпкерлікке жеңілдікпен несие беру мақсатында ауданда 7 несие серіктестігі мен шағын несие ұйымдары және ауыл шаруашылығы қолдау қоры арқылы 9104 адамға 5 млрд. теңгеден астам несие берілген.

Ал ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл жалпы құны 300 млн. теңгені құрайтын қабырғаға арналған блок өндіру жобасы ұсынылды.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында аудан әкімі 2015 жылы 7 млрд. 920,9 млн. теңгеге барлығы 51 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Атап айтсақ, Сарыағашта ауыз сумен қамту бойынша 2, табиғи газбен қамту бойынша 12, электр қуатымен қамтитын 4, білім нысандарынан 18, денсаулық нысандары бойынша 4, спорт, мәдениет және тұрғын үй құрылысы саласында 10 ғимараттың және жол құрылысы бойынша 49 нысанның тиісті жұмыстары жүргізілуде. Оның биыл 26-сы пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 8 нысан ел игілігіне тапсырылады деп жоспарлануда. Ал қалған 17 нысан келер жылда бой көтермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары