$ 489.06  536.21  5.05

Аграрлық сала субъектілерін оңалтуға бөлінген миллиардтаған қаржы игерілмей қалуы мүмкін

Аграрлық өнеркәсіп кешені субъектілерін қаржылай сауықтыруға бюджеттен бөлінген миллиардтаған теңгелер игерілмей қалу мүмкін. Бұл жайында ҰКП аграрлық өнеркәсіп кешені комитеті хатшылығының хатшысы Бауыржан Қасенов ҰКП өткізген баспасөз отырысында айтты, деп хабарлайды Skifnew.kz.

ҰКП баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде Бауыржан Қасенов негізгі мәселерге ауыл шарушылығының төмен дәрежедегі хабардарлығы мен қаржы институттарының төмен белсенділігін жатқызған.

Қаржылық сауықтыру туралы ҰКП сарапшылары екі жыл бұрын айтқан болатын. Мамандардың пікірінше, сол кезде «Агробизнес-2020» бағдарламасына қаржылық сауықтыру құралын енгізу мәселесі туындаған. Сарапшылардың есебі бойынша 2013 жылы бұл шараға 600-700 млрд тенге қажет болған. Оның ішінде ірі агрохолдингтер субъектірлері де бар. Сондай-ақ, 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін туындаған несиелі, несиегерлік және лизингтік міндеттемеліктер қайта құрылымдалуы және қайта қаржыландырылуы тиіс.

Бауыржан Қасеновтың айтуынша, қаржылық сауықтыру бағдарламасы 2013 жыдың соңында басталды. Алғашында, агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне берілетін несиелік және лизингтік міндеттемелердың пайыздық сыйақы мөлшемі 14 пайызды құрады. 7 пайызын шаруагер төлесе, қалғанын мемлекет төлеп келді. Үстіміздегі жылы субсидиялау шартына өзгеріс енгізілді. Оған сай, 7 пайызын мемлекет субсидияласа, қалғанын несие алушының өзі өтеуге міндетті.

― Күні бүгін агрошаруашылық субьектілерінің белсенділігі төмен. Небары 223 ұсыныс түскен. Агроөнеркәсіпке бөлінген қаржыға сұраныстың аздығы, шаруалардың бұл бағдарлама туралы хабарсыздығы. Демек, ақпараттық түсіндіру шараларының жеткіліксіз болуы мүмкін. Одан кейін, қаржылық институттардың бағдарламаға қатысуға құлықсыздығы себеп болуы мүмкін,―деді Бауыржан Қасенов.

Оның айтуынша, әзіргі АӨК қаржылық сауықтыру бағдарламасына 16 банк қатысуда.

Ережеде банктерді әзірге елеңдетіп отырған тармақ бар. Бұл тармақта «салған айыппұл және өсімақыларды қаржы институттары есептен шығарған жағдайда қаржылық сауықтыру жүзеге асырылады. Қарыз алушының мерзімі асып есептелген сыйақыны негізгі қарызға капиталдандыруға келісімі берілген жағдайды есептемегенде, мерзімі асып есептелген сыйақы 0,1 %-дан аспайтын жылдық сыйақы мөлшерлемесімен жеке кесте бойынша бөліп төленеді» деп айтылған.

―Кейбір қаржылық институттар жаңа түсімді, тиісінше қарызды өтеуге түсетін ақшаны күтіп отырулары ықтимал. Ал кейбір екінші деңгейлі банктер тәуекелді шынайы бағалай отырып, айыппұл және өсімақылардан айырылған жөн деп санайды. Бұл ретте бұл ұстанымды қолдайтын екінші деңгейлі банктер аграрилерді тек банкроттыққа алып келетін қаржылық қыспаққа салмай, ауыл шараушылық өнімдерін шығарушыларға жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек деп есептейді, ― деп атап өтті АӨК комитеті хатшылығының хатшысы.

Сондай-ақ Бауыржан Қасенов қаржылық сауықтандыру бағдарламасы осы жылдың соңына дейін жүргізілетінін, сондықтан аграрилер құжат тапсыруды жеделтеулері қажет екендігін назарға салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары