$ 494.87  520.65  4.91

«Экономикамыз әлсіз боп тұрғанда ешқандай экономикалық одаққа кірмеуіміз керек еді» - Марғұлан Сейсембай

Пайданың көп бөлігін Германия мен Франция иемденді, ал ең көп зиянға ұшыраған PIGS елдері (Португалия, Италия, Греция, Испания) болды.

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай елдің жағдайын және Еуразиялық экономикалық одаққа кіруін сынға алды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мәселен, ел ішіндегі өзекті жағдайларға байланысты ой-пікірлерін ашық айтудан тайынбайтын қоғам белсендісі бұл жолы экономиканы сын садағына алды. 

«Мен кез келген одақта экономикасы біршама дамыған ел ұтады деп айтамын. Міне, сізге тағы бір дәлел. Еуроодақта да тап осылай болған еді. Пайданың көп бөлігін Германия мен Франция иемденді, ал ең көп зиянға ұшыраған PIGS елдері (Португалия, Италия, Греция, Испания) болды. ДСҰ да солай. ДСҰ-ға кірген кезде экономикасы біршама дамыған елдер үнемі ұтады. Қалғаны қосалқы шикізат көздері болып қалады. Бұл тұрғыда, Қытай бәрінен де дұрыс істеді, өзінің ішкі өндірісі мен экономикасын тіктеп алғанға дейін ДСҰ-ға мүше болмады.

Қытай АҚШ-та өз компанияларының экспорттары әрқашан тиімді болуы үшін валютасын үнемі әлсіретіп отырғандықтан, әлі күнге дейін Америкамен текетіресіп келеді.

Экономикамыз әлсіз болып тұрғанда адами капиталды дамытып, барынша отандық ішкі өндірістерді қорғап, валютаны біртіндеп әлсіретіп, сондай-ақ, экономикасы біздікінен мықты елдермен ешқандай экономикалық одаққа кірмеуіміз керек еді», - деді Марғұлан Сейсембай facebook парақшасында, lsm.kz сайтындағы «Кто кормит Казахстан: 336 крупнейших налогоплательщиков стран» деген мақаланың сілтемесін бере отырып. 

Елдің саяси аренадағы жағдайын салыстырмалы түрде қозғаған оның сөзінше, одаққа кіру тек экономикасы дамыған елдер үшін ғана тиімді көрінеді-міс.

Алпауыт мемлекеттер тоғысқан одақ құрамына кірмеуіміз керек еді деген өкінішін білдірген кәсіпкердің бұл пікіріне желі қолданушылары да қолдау танытқан.

Мысалы, Saparbek Nagashibekov деген азамат: «Бәсеке болмаған соң саясат та, даму да жоқ. Шіркін, Марғұлан Сейсембайды сенатор қылып тағайындаса, бір пенсионердің орнынына. Жалғыз өзі бүкіл Парламентке бәсеке болып, сәл даму болар еді», деген. Ал Fara Arap есімді аккаунттың иесі: «Елдің емес, өз беделі мен "қалтасын" ойлайтындарға не айтуға болады?» - деп отыр. Сондай-ақ, Бакытжан Нахыпов: «Арман, адастырмай мені қоя тұр! Жалған, құшағыңды маған жая тұр! Үміт, алдадың сен мені, тағы да алдадың», - деп "әндетіп" жіберді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары