$ 448.15  483.46  4.86

Елімізде жылына 402 миллиард теңге желге ұшып жатыр - «Атамекен» ҰКП-ның есебі

Бұл ақшалардың есебін қалай шығарған, тапсырмаларды ауадан әкеп орнатқан ба, түсініксіз... Ең бастысы, мемлекеттік орган не қалайтынын өздері де нақты білмейді.
фото: oko-planet.su
фото: oko-planet.su

«Достар, министрлік жыл сайын 402 миллиард теңгені мемлекеттік тапсырмаларға жұмсайтынын білесіз бе?» дейді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы департаментінің директоры Ербол Өстеміров, yvision.kz сайтындағы мақаласында.

Біз автордың орыс тіліндегі осы жазбасын төменде қазақшаға аударып ұсынып отырмыз.

«Бұл көп пе, әлде, аз ба? Мәселен, Қарағанды облысының 2019 жылға арналған бюджеті 245 миллиардты құрайды. Яғни, Үкіметтің тапсырмаларына жұмсайтын ақшаға Қарағанды облысы 1,5 жыл өмір сүре алады деген сөз.

Жыл сайын министрлік мемлекеттік маңызы бар тапсырмаларға бөлінген ақшаны өздеріне тиесілі компанияларға таратады, ал компаниялар бұл ақшаны делдал ретінде жартысын өздеріне қалдырып, қалғанын қосалқы қызметтерге бөліп береді (Айтпақшы, бұл 182 миллиард теңгенің тең жартысы тендер ойнату кезінде бір қатысушыға беру құқығы бар «ҚазАвтоЖол» АҚ-ға кетеді. Тек 2 жылдың ішінде «ҚазАвтоЖол» басшыларының үстінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 7 қылмыстық іс қозғалды). Осы 173 мемлекеттік тапсырманың 55-і – мемлекеттік органдардың өзі орындауы тиіс қайталама тапсырмалар.

Мәселен, Сауда саясатын дамыту орталығы монополистерді реттеу, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтеру саласындағы мемлекеттік саясатты зерттеуге 140 миллион теңге жұмсады. Монополияға қарсы орган мұнымен тегін айналысып отыр.

Қазақ Туризмі мемлекеттік тапсырмаларды орындау үшін 1 миллиард 900 миллион теңге алғанын білетін бе едіңіз?! Оның 60% -ын концерттерге, ойын-сауықтарға жұмсады, «Мисс Қазақстан» байқауын салық төлеушілердің ақшасына өткізді.

Осы тұрғыда сізде «Атамекен» бұл талдауды не үшін жасап отыр?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біз Экология және Қаржы министрліктерімен бірігіп, мемлекеттің бизнеске араласуын азайту мақсатында талдау жасадық! Міне, біздің басты міндетіміз!

Сіз таңғалатын шығарсыз, бірақ, мемлекеттік органдар мемлекеттік тапсырмаларды өздері таңдай алады. Бұл – тек бастамасы. Осы арада миға сыймайтын мәселе бар: бұл ақшалардың есебін қалай шығарған, тапсырмаларды ауадан әкеп орнатқан ба, түсініксіз... Ең бастысы, мемлекеттік орган не қалайтынын өздері де нақты білмейді.

Мемлекеттік тапсырмалар – белгісіздік формулаларының жиынтығы. Мысалы, Экономикалық зерттеулер институты заң жобаларына экономикалық сараптама жүргізеді, онда жұмыс көлемі мен құны қалай есептелгені нақты емес.

402 миллиардтың 23 миллиарды түрлі зерттеулерге жұмсалады. Олардың нәтижелері тек мемлекеттік қызметкерлерге қол жетімді. Сонымен қатар, көптеген зерттеулер мүлдем қолданылмайды және жай мемлекеттік органның мұрағатына жиналады.

Біз зерттеулерді плагиат үшін таңдамалы түрде тексердік және плагиат деңгейі 54%-ға жететінін анықтадық. Яғни, зерттеулердің жартысынан көбі – мемлекеттен қомақты ақша алған басқа адамдардың еңбегі. МЖӘ Орталығының зерттеуіне сәйкес, тек 46% (29% – қарыз алу, 25% – баға белгілеу) болды.

Осы жағдайларды ескере отырып, төмендегі нұсқаларды сіздерге ұсынамыз: 

Біз 37 млрд теңгені құрайтын 68 мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік сатып алу арқылы бизнеске беруді ұсынамыз!

Біз республикалық меншік кәсіпорындарын жекеменшік кәсіпорындармен біріктіруді ұсынамыз!

Біз Ішкі істер министрлігіне тиесілі Арман және Қазақстан шипажайларын жекешелендіруді ұсындық.

Егер Үкімет біздің ұсыныстарымызды жүзеге асырса, экономикалық тиімділік 134 миллиард теңгеден асатын болады.

Бұл – тек республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың аудиті. 2020 жылы біз ұлттық холдингтер мен коммуналдық қызметтерге аудит жүргізетін боламыз.

Ербол ӨСТЕМІРОВ,
ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы департаментінің директоры».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары