$ 446.49  475.38  4.79

«Олар – бұрынғы бандиттер»: Бас прокурордың аға көмекшісі коллекторлардың былығын әшкереледі

Рас, кейбір адамдар коллекторлардың заңсыз әрекетіне тап болып, қорқытып-үркіту, қоқан-лоққыға түсіп қалып жатады. Ондайда адам кімге шағымданарын білмейді.
фото: prodengi.kz
фото: prodengi.kz

Коллекторлық агенттік қызметкерлерінің арасында бұрын бандит болған адамдар да бар, ал коллекционерлердің аудиохабарларын тыңдасаңыз, құлағыңыз сарсып кетеді», - дейді Бас прокурордың аға көмекшісі Қайрат Раисов, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Соңғы үш жылда коллекторларға қатысты 15-ке жуық қылмыстық іс қозғалды. Әдетте, адамдар олардың іс-әрекеттеріне шағымданады. Кейде өздері туралы мәліметті үшінші тараптарға береді, тағысын тағы басқа фактілер де бар. Телефондарына қалдырған аудиохабарламаларды тыңдатып көрсетеді, сұмдық, құлақ сарсиды», - деді Раисов коллекторлық қызметті жақсарту мәселесіне арналған кеңесте.

Ол Бас прокуратура құқық қорғау органы ретінде қарапайым азаматтардың құқықтарын қорғау тұрғысынан бұл бағытта өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін айтты.

«Несие төлеуде жауапты адамдар, сол секілді жауапсыз адамдар болады. Бұл арада да солай. Коллекторлық компанияларды осылай бөлуге болады. Заңды емес әдістерді қолданатындар бар. Айыпқа бұйырмаңыздар, шыны сол, олар – бұрынғы бандиттер және тағы басқасы», - деді Бас прокуратура өкілі.

Коллекторлық агенттіктердің жұмысын жақсарту үшін ол Ұлттық банкке азаматтар кез келген кезде қолдана алатын колл-орталықтың жұмысын ұйымдастыруды ұсынды.

«Рас, кейбір адамдар коллекторлардың заңсыз әрекетіне тап болып, қорқытып-үркіту, қоқан-лоққыға түсіп қалып жатады. Ондайда адам кімге шағымданарын білмейді. Мен үнемі өз жұмысымда әлеуметтік желілерді қолданамын, адамдар, расында мұндай жағдайларда қайда бару керектігін білмейді. Қарыздар – өз алдына бөлек мәселе. Әрине, банктік құпия дегеннің бар екендігін жақсы білеміз, бірақ, белгілі бір коллектордың қолында бар мәлімет Ұлттық банкте де болуы керек қой. Біз телефон нөмірін көреміз, бір адамдар қоңырау шалып, айбат шеккен хабарлар жібереді, бірақ, оның кім екені белгісіз. Алайда, олар нақты факті бойынша бір қарызды талап етеді.
Ұлттық банк белгілі бір адамның нақты қарызы туралы ақпаратты біле отырып, сол бойынша коллекторлық ұйымға шығып, оның қай қызметкер болғанын сұрай алады. Егер ол оның қызметкері болмаса, онда мұндай ақпарат қалай үшінші тұлғаның қолында жүр? Мұны қадағалаушы тарапқа тиесілі дүние», - деп түсіндірді Раисов.

Тағы бір мысал ретінде ол Ұлттық банкке коллекторлық агенттік қызметкерлерінің қызметін бақылау үшін ұялы нөмірлер туралы ақпаратқа қол жеткізуді ұсынды.

«Бұл – жауапсыз коллекторлармен күресудің бірігей тәсілі. Яғни, олар қоңырау шалғанда, кім хабарласып тұрғанын адам білмейді. Борышкерге телефон соғатын коллекторлардың нөмірі тіркеуге алынуы тиіс. Яғни, бақылау басынан бастап аяғына дейін болуы тиіс. Коллекторларға қойылатын талаптарға келсек. Басшылыққа қойылатын талаптар бар, бірақ, қатардағы қызметкерлерге қойылатын талап қандай, оны көріп отырғаным жоқ. Біріншіден, егер адамдармен жұмыс істейді екен, өз жұмысын, қалауын түсінікті тілмен жеткізетін болсын, заңды бұзып, жеке басқа тиіспесін. Ең бастысы, ол адамның сотталмағандығы талап етілуі керек. Мүмкін, бұл сөзім үшін кешірім сұраймын, ол кісі өлтірген немесе зорлық-зомбылық жасаған біреу шығар», - деп сөзін түйіндеді Раисов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары