Анарбек Орман «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады, деп хабарлайды Sn.kz.
– «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС – мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде 21 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді, - деді Анарбек Орман.
Оның сөзінше, Түркістан облысында, басқа қалалар мен ауылдарда да су арналары бар. Бірақ олар мемлекеттің балансында. Ал мемлекеттің қаржысына ешкімнің басы ауырмайды. Жаны ашымайды.
– Мемлекеттік су арналарының шығыны шаш етектен. Ал жұмысы мардымсыз. Ал «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС – жекенің меншігі. Оған біз өз қалтамыздан қыруар қаржы салдық. Несие алдық. Сол себепті де жұмсалған күш, қаражат еселеніп қайту үшін аянып қалмаймыз. Сондықтан болса керек жұмысымыз алға басып келеді. Осы бағытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің де қосып отырған үлесі зор, - дейді бақылау кеңесінің төрағасы.
«СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ» ЖШС ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТЕЛ: +7 708 110 2121,
WHATSAPP +7 705 758 11 11
ОРТАЛЫҚ ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ТЕЛ: 321-274, 323-574
ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ: 321-275
САЙТЫ: WWW.WRM.KZ
E-MAIL: INFO@WRM.KZ
Кәсіпорынның тиімді жұмыс істеп отырғанын Анарбек Орманның келтірген мысалдарынан да көз жеткізуге болады. Мәселен, сумен жабдықтау және су бұру қызметтері есебінен жыл сайынғы есептелген салық сомасы жылдық кірістің шамамен 15%-ын құрайды екен. 2018 жылы салықтардың барлық түрлері бойынша 1 313 миллион теңге есептелсе, бұл 2015 жылмен (736 миллион теңге) салыстырғанда 86,7%-ға өскен. 2009-2018 жылдары Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен, бес келісімшарт түзіліп, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5,5 %-бен 13 жыл мерзімге жалпы сомасы 13,6 млрд теңгеге инвестиция тартылды, қаражат толығымен игерілді.
Кәсіпорында тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан және Өзбекстан Республикаларының (Алматы, Атырау, Тараз, Қызылорда,Ташкент және Наманған қалаларының су арналарының) мамандары болған. Кәсіпорынға шетелдік компаниялар да қызықты ұсыныстарымен келіпті.
2018 жылы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Қ. Жұмағалиев пен Ұлттық экономика министрлігінің жауапты қызметкері — ҚР Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы М. Жаймбетов цифрландыру бойынша кәсіпорынның іске асырылып жатқан жобаларымен танысты. Олар өндірісті цифрландыру бойынша жұмысты оң бағалап, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің Қазақстан Республикасы бойынша жұмыс тәжірибесін тарату туралы тапсырма беріпті.
Қаржылық қиындықтар, сан түрлі проблемалар алқымнан алып, қыспаққа қысса да мекеме өзінің алдына қойған бағытынан таймақ емес. Және өзге су арналарына үлгі болуы үшін аянып қалмақ емес.