Экономика 21.01.2020 сағат 00:05

Қысы қарсыз Мақтаралдың шаруалары далаға қырыққабат егуді бастап кетті

Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп.
Қысы қарсыз Мақтаралдың шаруалары далаға қырыққабат егуді бастап кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шаруалары қаңтардың ортасында диқаншылықты бастады. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригада қатысып, қызу жұмыстар жүруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Егінді ерте бастаған Серік Сәдуовтың басшылығындағы қожалықтың еншісінде 4,5 гектар жер бар, соның барлығына қырыққабат дақылы егіліп жатыр. Жалпы саны 60 адамнан құралған бригада қаңтардың әрбір күнін тиімді пайдаланып, жауын-шашынға қарамастан жұмыс істеуде.

Өнім негізінен 2 айдың көлемінде пісіп-жетіледі. Сондай-ақ, шаруа қырықабаттың 90 күнде жетілетін сортын да еккен», - деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мақтаралдық диқандар негізінен салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың пандион, ринда, фарао сұрыптарын отырғызуда. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп. Қазірдің өзінде «Мақтарал» ауылдық округінде 50 гектардан астам жерге қырыққабат егілген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар