$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев теңгенің әлсіреуіне байланысты Ұлттық банк төрағасына біраз міндет жүктеді

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның қор биржасындағы «теңге-доллар» саудасы кезінде Франкфурт аукционы әдісін уақытша енгізу керектігін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның қор биржасындағы «теңге-доллар» саудасы кезінде Франкфурт аукционы әдісін уақытша енгізу, сондай-ақ, қаржылық тұрақтылық пен іскерлік белсенділікті сақтау мақсатында ақша-кредит саясатына қатысты қабылданған шаралар жайын баяндады.

Мемлекет басшысы валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық банктің, Үкіметтің және ұлттық холдингтердің үйлесімді жұмыс жүргізіп, тиімді шешімдер қабылдауының маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, инфляция деңгейінің өсуіне қарсы жұмыстарға ерекше назар аудару керек.

Тағы оқи отырыңыз: «Құлдырау жалғасуда»: Ұлттық банк пен қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады

Кездесу қорытындысы бойынша, Президент отандық кәсіпорындарға несие беруге, олардың операциялық қызметін қаржыландыруға қатысты кешенді қолдау шараларын қабылдауды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары