$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Кореяның тендер жүйесін сатып ала ма?

Ұлттық компаниялардың, холдингтердің және мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындардың сатып алулары жемқорлық көзіне айналып кетті. Бүгінде көптеген сатып алулар еш байқаусыз, «бір көзден» алу жолымен жүзеге асырылады.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Қаржы министрлігі «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» қызықты заң жобасының тұжырымдамасын жария етті. Оған сәйкес, Қазақстанда тендер орнына «интернет дүкен» дегенді енгізу ұсынылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның түсіндіруінше, өткен жылдың 15 қазанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының, оның ішінде «Самұрық-Қазына» қорының бәсекелі емес тәсілдермен сатып алуын барынша қысқартуды, бұл рәсімдердің ашықтығы мен мөлдірлігін қамтамасыз етуді, сатып алудың бірыңғай ережелерін әзірлеуді, сондай-ақ квазисектордағы барлық тендер бойынша бірыңғай ақпараттық платформа енгізуді тапсырыпты. Жаңа заң Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындайды.

 Ресми мәліметке сәйкес, квазисектор нарығының және мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемі шамамен 14 трлн теңгені құрайды. Осынау орасан зор нарық, депутаттар айтқандай, қазіргідей дағдарыс кезеңінде мыңдаған отандық кәсіпкер үшін «құтқару шеңберіне» айнала алар еді. Бірақ айналмады. Бұған мыңдаған бизнес нысанының банкрот жағдайына жетуі дәлел.

 Ұлттық компаниялардың, холдингтердің және мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындардың сатып алулары жемқорлық көзіне айналып кетті. Бүгінде көптеген сатып алулар еш байқаусыз, «бір көзден» алу жолымен жүзеге асырылады. 

Бұдан Корея тәжірибесі құтқаруы ықтимал деген сенім бар. Жаңа заң жобасы да соған негізделген. 

«Заң жобасында сатып алудың жаңа тәсілі – электрондық дүкенді енгізу қарастырылады. Бұл тәсілмен жылдық сатып алу құны 10 мың еселенген АЕК-тен (2020 жылы 27 миллион 780 мың теңгеден) аспайтын, электрондық каталогтағы біртекті тауарларға қатысты жүргізіледі. Электрондық каталогты веб-порталда тіркелген әлеуетті өнім жеткізушілер өз бетінше қалыптастырады. Бұл үшін олар ақпараттық форманы толтыруы керек», – дейді Қаржы министрлігі. 

Ол кестеде тауардың көрсеткіштері, атап айтқанда, оның функционалдық, техникалық сипаттамалары, сапасы, эксплуатациялық ерекшеліктері, тауардың түрі, моделі, нысаналы мақсаты, тауарды монтаждау, баптау, тексеру және сынау шарттары, түсі, сондай-ақ саны, өндірісі, тауардың шығарылған жылы, кепілдік мерзімі және басқа да деректері көрініс табуы тиіс.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары