$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстандық жас ғалымдар ойлап тапқан мобильді-қосымшамен енді ақша табуға болады

Қазақстандық жас ғалымдар ойлап тапқан «Nurmash» мобильді-қосымшасы кәсіпкерлерге өз өнімін жарнамалаудың тиімді құралы, ал қарапайым тұрғындарға ақша табудың көзіне айналады деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен кездескен Nurmash-CIS компаниясының бас директоры Данияр Разбекұлы мәлімдеді.

«Бизнесті сәтті жүргізу үшін жақсы өнім мен білікті мамандардан құралған команданың өзі аздық етеді. Оларға қоса жақсы жарнамаң да болуы керек. Ал, жарнаманың тұтынушыларды максималды түрде қамтыған кезде ғана пайдасы бар. Nurmash мобильді-қосымшасы кәсіпкерлер үшін бұл мәселені шешеді және тұтынушылар үшін де айтарлықтай пайда келтірмек», — дейді Данияр Разбекұлы.

Nurmash жобасы АҚШ-тағы кремний алқабында қазақ-американ ғалымдарының бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде дүниеге келген. Ол жарнама жасаудың бірегей құралы. Яғни, өнім шығарушының да, оны сатып алушының да мүдделерін ескерген.

«Nurmash қосымшасы арқылы жарнама орналастырудың өз ерекшеліктері бар. Мәселен, жарнама беруші осы жоба арқасында өз тұтынушысының жасын, географиясын, тіпті түрін де анықтай алады. Сондай-ақ, мобильді қосымша өнімнің танымалдылығын арттыруға септігін тигізеді. Жарнама беруші компания "жеке кабинеті" арқылы түрлі байқаулар ұйымдастырса, тұтынушы жай ғана мобильді телефонының көмегімен сол байқауларға қатысып, ақшалай табыс таба алады», — деп атап өтті компанияның бас директоры.

Айта кетейік, мобильді қосымша 1 сәуірден бастап іске қосылған. Сол уақыттан бері оның көмегімен 5 ұлттық және 3 қалалық промоакциялар өткізіліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары