$ 494.87  520.65  4.91

«Пандемияның кесірінен еліміздегі кәсіпкерлердің 10 пайызы банкротқа ұшырады» - Абылай Мырзахметов

Алдағы уақытта бұл көрсеткіш 30 пайызға жетуі мүмкін.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Пандемия басталғалы бері еліміздегі шағын және орта бизнестің 10 пайызы банкротқа ұшырады. Бұл көрсеткіш кәсіпкерлер арасында жүргізілген жүз мыңнан астам сауалнама нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сайты.

ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов алдағы уақытта бұл көрсеткіш 30 пайызға жетуі мүмкін екенін айтты.  

«Біз енді локдаунға кетпеу мәселесін қарауымыз керек. Өйткені, тағы экономиканың құлдырауын көтеру бізге өте қиын болады. Бұл сандар 30 пайызға жетуі мүмкін. Оның алдын алу үшін Үкіметпен бірлесіп, кәсіпкерліктің бес саласына көмек беруіміз керек. Ол туралы алдағы уақытта белгілі болады», - деді ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Айта кетерлігі, карантин кезінде еліміздегі кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 6 триллион теңгеден астам қаражат бөлінген, оның екі триллионға жуығы – салықтан босатулар.

«Біздің есептеуіміз бойынша, төтенше жағдай кезінде, яғни, 17 тамызға дейін сегіз жүз мыңнан астам кәсіпкер қиын жағдайға тап болды. Олардың 500 мыңнан астамы жұмысын уақытша толығымен тоқтатты. Ал әлі де жұмыстарын бастай алмай отырған кәсіпкерлер саны 200 мыңға жуық», - Мырзахметов.

Карантин кезінде қатты зардап шеккен қызмет көрсету саласы болды. Кинотеатрлар табысы 50 пайызға, сауда орталықтарындағы аттракциондар мен фудкорттардың табысы 60-70 пайызға төмендеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары