$ 444.22  476.38  4.82

Астанада 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты тың деректер таныстырылмақ

Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Астана қаласында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған «ТАРИХТАН – ТАҒЫЛЫМ» атты халықаралық ғылыми конференция өткізеді.

Іс-шара Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы «Мурас» қоры, Қазақстан және Қырғыз Республикасы Тарихшылар қауымдастығы, сонымен қатар Ұлттық ғылым академияларының және Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Орталық Азиядағы өзгерістердің басында тұрған айтулы оқиғаға орайластырылған конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстаннан ғылыми мекемелердің басшылары, танымал тарихшылар, мемлеукет және қоғам қайраткерлері мен белгілі ғалым-зерттеушілер қатысады деп күтілуде.

Алқалы жиын барысында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты «Жетісу – Ыстық көл қасіреті: 1916-1920 жж.» атты тарихи құжаттар мен материалдар жинағы таныстырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары