$ 448.89  477.93  4.76

«Бюджетке 3,9 млрдты қайтарыңдар!»: адвокат BI Group компаниясының былығын әшкереледі

Жангелді Сүлейманов қабатталған тақталардан (сэндвич-панель) үй салудың құнын да есептеген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Экономикалық даулар бойынша адвокат Жангелді Сүлейманов қарапайым есептеулер жүргізу арқылы BI Group компаниясы салған Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасының құны 3,6 есеге көбейгенін анықтады, деп хабарлады orda.kz. 

Оның айтуынша, BI Group компаниясы Deloitte компаниясының коронавирус науқастарына салынған аурухананың нақты құны туралы есебін бермеген. Олар Deloitte-тың BI-ге қандай қызмет көрсеткені жазылған келісімшартты көрсетпейтіндіктен, Сүлейманов ашық дерек көздерінде жарияланған сандарды ала отырып, есеп жүргізген.

"BI хабарламасында Deloitte компаниясы жалпы құны 4 363 409 мың теңгені құрайтын ҚҚС-сыз шығындарды растады делінген. Барлығы ҚҚС-ты қосқанда  – 4 887 018 0000 теңге. Осы санды есте сақтайық. Өткен жылы Айдын Рахымбаев бір кереует орынның құны 64 мың доллар тұрады деп мәлімдеді, барлығы 200 кереует бар, 430 доллар бағамы үшін 200 * 64000, яғни  5,504 миллиард теңге шықты. Бұл соманың  Deloitte көрсеткен бағадан  600 миллиондық айырмасы бар. Айдын бір шаршы метрді салу құны 940 мың теңге тұратынын айтты. Президент сайтында аурухана ауданы 7000 шаршы метр екені жазылған. Мен Президентке сенемін. Ал жалпы құны 7000 * 940 000 – 6,580 миллиард, бұл Deloitte сомасынан 1,7 миллиардқа артық, бұл мәліметтердің барлығы BI-ден алынған. Үш түрлі сома. BI үнсіз, бірақ біз ақпарат іздей білеміз" деп жазды заңгер өзінің facebook парақшасында.

Жангелді Сүлейманов қабатталған тақталардан (сэндвич-панель) үй салудың құнын да есептеген.

"Ал енді біздің есебіміз бойынша, бір шаршы метрі 940 мың теңге делінген құрылыс құнының  бір шаршы метріне  329 мың теңге шықты. Осы санды есте сақтайық. Ресейлік сайттарда сэндвич-панельдерден кеңселер салу (және дәл осы BI құрастырған) бір шаршыға 14 мың рубль ұсынылған. Жарайды, 14 мың емес, 28 мың деп алайық, екі есе көп болсын! Әрлеу жұмыстары және басқасын қоса алайық. Айтпақшы, ресейліктер 15 күнде салады, сондықтан BI оны әдеттегі уақыт ішінде жасады. Сонымен, әр шаршыға әрлеу жұмыстарын қосқанда 28 мың рубль шығып тұр! Ауруханалардың көлемін ескере отырып, 5% -ды алып тастайық – ол 25 200 рубль. BI-дің пайдасыз жұмыс істегенін ескере отырып, тағы 20%  алып тастайық  сонда  19 800 рубль қалады. Егер сэндвич қолданылған болса, онда тағы 20% алып тастаймыз, осыдан кейін 15 840 рубль немесе 89 179 теңге қалады! BI  шаршы метріне 329 мың теңге деп жариялады. Енді, менің есебім бойынша, шығындар 3,6 есеге артық болып шығады!" – дейді адвокат.

Сондай-ақ ол мемлекеттік аудит дәл осындай арақатынасты анықтағанын атап өтті: "5,5 миллиардтың 3,9 миллиарды ұрланған. Яғни 1,6 миллиард құрылысқа жұмсалған, бұл - ұрланған қаржыдан 3,5 есе кем. Демек, мемлекеттік аудиттікі дұрыс".

"BI және Deloitte-қа менімен дауласудың пайдасы жоқ, өйткені мен бір уақытта жақсы ойлана да, санай да аламын! Менің математика, қаржы, аудит, жоспарлау, қаржылық модельдер, бухгалтерлік есеп, заң, құрылыс және жалпы барлық салада тәжірибем мол! BI бізге  Deloitte-тың есебін бер! Болмаса, бюджетке 3,9 млрдты қайтарыңдар!" - деп қорытындылады сөзін адвокат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары