$ 494.87  520.65  4.91

Тауық жұмыртқасы мен құс етінің бағасы неліктен шарықтап барады?

Ол кейбір отандық құс фабрикалары жабылу алдында тұрғанын, ал құс етінің негізгі бөлігі Қазақстанға Ресей мен Беларусьтен келетінін атап өтті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Сенатор Сұлтан Дүйсембинов азық-түлік бағасы қымбаттауының негізгі себебі жұмыртқа мен құс етімен байланысты екенін айтты. Депутат Премьер-министрден шара қолдануды сұрады.

«Соңғы уақытта елімізде құс шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен бағасы тұтынушылардың көңілінен шықпайтынын бәріміз білеміз. Мысалы, өткен жылдың желтоқсан айында бір келі тауық етінің бағасы 930 теңгеден 950 теңгеге дейін, ал биылғы қаңтар-ақпанда он жұмыртқа 600 теңгеге дейін өсті. Жем-шөп шығындары - құс пен жұмыртқаның негізгі құнының 70 пайызын құрайды. Бидай, жүгері және соя бағасы соңғы бір-екі жылда 1.5, 3 есе өсті. Осыған байланысты құс өнімдері бағасының тұрақты өсуі байқалады», - деді Сұлтан Дүйсембинов Сенат отырысында.

Ол кейбір отандық құс фабрикалары жабылу алдында тұрғанын, ал құс етінің негізгі бөлігі Қазақстанға Ресей мен Беларусьтен келетінін атап өтті.

«Тауық жұмыртқасы мен құс етінің бағасы өсуде. Мұның бірнеше себебі бар. Олардың ішінде елімізде асыл тұқымды құстарға қатысты проблема бар. Сондықтан оларды импорттау керек. Сонымен қатар, құс өсірушілер шетелден кәсіпорындар үшін қажетті жабдықтар, дәрумендер, арнайы жем әкелуге мәжбүр. Біздің елімізде құс өсіру үшін жемдік астық пен шөптен басқа ештеңе жоқ деп айтуға болады», - деп толықтырды сенатор.

Бағаны төмендету үшін құс өсірушілерге мемлекет тарапынан қолдау қажет. Сенатор Үкімет сала кәсіпкерлері үшін лайықты жағдай жасауы тиіс деп санайды.

«Олардың ішінде: бес жылдық кредиттік демалыстарды ұйымдастыруға жәрдемдесу, сақтандыру жарналарын және асыл тұқымды құс басын сатып алуды субсидиялау, жем-шөп қорын құру, әкімшілік кедергілерді жою және жосықсыз бәсекелестіктен қорғау ұсынылады», - деді депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары