$ 498.34  519.72  4.85

Арыста дендросаябақ ашылады

Арыстың торқалы тойы жергілікті тұрғындар үшін ерекше есте қалмақ. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және қаланың мерейтойына орай мұнда алғаш рет дендросаябақ ашылады. Жаңа демалыс орнының жалпы көлемі, 12 гектар жерді құрап отыр. Оның төрт гектарына бау-бақша егілген. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа нысанда келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда мәдениеттік шараларды өткізуге болады. Бұл үшін дендросаябақта үлкен сахна орнатылған. Сондай-ақ, демалушаларға арналған арнайы орындар бар. Ал ерекше дизайнмен жасылынған су бұрқағы саябақтың көркіне ерекше сән беріп тұр.

Сейіт Ертай, Арыс қаласының әкімі:

- Дендросаябақ облыс әкімінің тапсырмасы бойынша салынды. Өйткені облыс әкімі барлық аудан әкімдеріне осындай кемінде 10 гектар жерге жасыл желек салынсын деп тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы басшылыққа ала отырып және қаланың 60 жылдық тойына орай қала тұрғындарына тарту жасағымыз келді.

Жалпы, бұл жобаға мемлекет қазынасынан 289 млн теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2015 жылдың қыркүйек айында басталған. Қазір мұнда қосымша әрлеу істері жүргізілуде. Ал, жаңа дендросаябақтың ашылу рәсімі алдағы 6 тамыз күні өтеді.

Айта кетейік, Арыс қаласында сондай-ақ, 120 гектар алқапқа алма ағаштары егілді. Оның жемісі алма езбесін өндіруге пайдаланылмақ. Шаруалардың сөзінше, биыл баудан алынатын өнімнің көлемі мол болуы тиіс. Бағбандар 300 тонна алма жинауды көздеп отыр. Оның басым бөлігі аудандағы қызанақ өңдеу зауытына жіберіліп, алма езбесі дайындалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары