$ 498.34  519.72  4.85

Мал бордақылау алаңдары қаржыландырылды

«Береке» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл - ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында мыңнан аса шағын мал бордақылайтын алаң қаржыландырылды. Елбасының халықты лайықты деңгейдегі кіріспен және өнімді жұмыспен қамтамасыз ету тапсырмасын жүзеге асыру аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі халықты жұмыспен қамту мен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемін көтеру бойынша бірқатар шаралар қарастырды.

Ауыл шарушалығы министрлігінің сиыр етін өндіру бағытындағы жоспары аясында 5-20 бас мал бордақылау алаңы қаржыландырылады. Осылайша жеке шаруа қожалықтары кәсіпкер ретінде тіркеліп, ай сайын белгілі бір деңгейде табыс табады. Сондай-ақ, қосымша жұмыс орындары ашылып, жерглікті бюджетке түсім түсіп отырады.

Биыл бұл тапсырма «Жұмыспен қамту жол картасы-2020 » бағдарламасының қаражатынан іске асырылуда. Ауыл шаруалығын дамыту қоры жыл басынан бері осы бағдарлама бойынша 3 мыңнан астам қатысушыны қамтып, 9,2 млрд теңгенің қаражатын үлестірген. Оның 900-ден астамы Оңтүстік Қазақстан облысында. Несиеге берілген қаржының жалпы сомасы 2,4 млрд теңгені құрайды. Қаржының 70 пайызы мал шаруашылығын дамытуға бағытталып отыр.

Аталған жобаның мақсаты — мүйізді ірі және ұсақ қара мал басын көбейту. Осылайша ет өндіру жұмысының өнімдігін арттыру. Бағдарлама аясында қатысушы 3 млн теңгеге дейін несие ала алады. Қарызынан уақтысынан бұрын құтылған жағдайда шаруаға 4 жылға 5 млн теңгеге дейін қаражатты несеге алуына мүмкіндік бар. Бағдарлама қатысушысына несие жылына 4,8 пайыздық мөлшерлемемен бастап беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары