$ 498.34  519.72  4.85

Шымкенттегі құбыр зауыты күніне 8 тонна өнім шығарады

«Стас и К» — 2005 жылы полиэтиленді құбыр өндірісін бастаған ең алғашқы зауыт. Мұнда құбырдың су, газбен жабдықтау, кәріс жүйесі, желдеткіш және жылы еден орнатуға арналған түрлері шығарылады. Кәсіпорында орнатылған құрылғылардың көмегімен тәулігіне 8 тонна өнім дайындалады. Өндіріс орнында тауардың санына емес, сапасына аса көңіл бөлінеді.

Кооператив он жылдан бері сауда нарығында қызмет етіп келеді. Мекеме басшысы қажетті шикізатты Ресейден әкеледі. Ал өнімнің сапасы толық халықаралық стандартқа сай дейді. Мұндағы мамандардың сөзіне сенсек, құбырдың кепілдірілген қызмет мерзімі — 50 жыл. Ал тауарға тапсырыс берушілердің басым көпшілігі — Алматы, Тараз, Шымкент қалаларының құрылыс компаниялары.

«Тапсырысты жақсы қабылдаймыз. Өйткені біз әр тауардың сапасына толық жауап бере аламыз. Бағасы да қол жетімді. Сондықтан болар, клиенттерміз көп. Сондай-ақ тапсырыс берушілерге жұмыс орнымыздан арнайы қалаған жеріне көлікпен жеткізіп береміз», - дейді кәсіпорын директоры Әбдіхалық Саитов.

Айта кетейік, кәсіпорын 2015 жылы «Бәйтерек» холдингі және «Даму» қоры жүзеге асырған бағдарлама аясында 55 млн теңге көлемінде несие алған. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында мемлекеттен қолдау тапқан өндіріс орнының жұмыс көлемі ұлғайып, отандық тауарлардың санын арттыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары