$ 498.34  519.72  4.85

Сайрамдықтар мемлекет берген мүмкіндікті пайдалануда

Биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Сайрам ауданында мемлекеттің көмегiмен шағын ферма ашып немесе мал бордақылап, кәсiбiн дөңгелеткен жеке шаруалар қатары артып келедi. Бұл жайында жергілікті БАҚ өкілдері хабарлап отыр.

Мәселен, Қарабұлақ ауылының тұрғыны Б.Юнусалиев «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-дан «Жұмыспен қамту–2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы 3 млн. теңге несие алыпты. Бұл қаражатқа сауын сиырлар сатып алып, сүтiн күнделiктi тұтынушыларға өткiзiп, отбасын асырап отыр. Ендiгi ретте 20 сотық жерге ферма салуды ойластырып жүр.

Қарабұлақтық тағы бiр тұрғын Ә.Ибрагимов те осы қордың көмегiмен 3 млн. теңге несиеге қол жеткiзiптi. Ауылдасы секiлдi ол да мал алып, етiн бордақылап сатып, табыс табуда.

Сондықтан ауылда жұмыссыз жүрген жандардың «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» жәрдем сұрап баруына болады. Бұл қаржы ұйымы 4 жылға 6 пайызбен 3-6 млн. теңгеге дейiн несие бере алады. Шарт бойынша несие алушы адам, бiрiншiден, тиiстi органдарға жеке кәсiпкер ретiнде тiркелуi қажет. Екiншiден, үйi, қоражайы мүлiк ретiнде кепiлдiкке алынады. Қормен келiсiмшартқа отырған компания 15 мың теңгеге бағалау жұмыстарын жүргiзiп бередi. Жалпы, құжаттарды толық ресiмдеуге бiр айға жуық уақыт кетедi. Мал бордақылаумен айналысатындарға алған несиесiн 6 айға дейiн төлемей тұра тұруға жеңiлдiк қарастырылған.

Қордың басты мiндетi – жеке шаруаларға қаржылай көмек көрсету арқылы ауылда жұмыссыздықты азайту, сондай-ақ мал бордақылау алаңдары, сүт қабылдау бекеттерi және ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң дамуына ықпал жасау. Қордың басқарма төрағасы Ж.Омаровтың айтуынша, несие көлемi жылдан-жылға ұлғайып келедi. Былтыр 1,8 млрд. теңге несие бөлiнсе, биыл оның көлемi 7,2 млрд. теңгеге өсiп отыр. Сонымен бiрге қаржы ұйымы өндiрiстiк кооперативтерге 50 млн. теңгеге дейiн несие ұсына алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары