Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессоры Баян Рақышев қазақ руларының статистикасын жариялады. Бұл зерттеуін ғалым 2013 жылдан бері жүргізген деп жазады Stan.kz.
Рақышевтің санағына сенсек, Қазақстанда саны жағынан арғындардың алдына түсер ру жоқ. Бұл атадан тарағандар саны 2 090 000 адамды құрайтын көрінеді. Екінші орында дулаттар (1 390 000) үшінші орында Байұлының ұрпақтары (1 120 000).
Ал, бұған дейін құрамы ең көп ру саналып келген наймандар белгісіз себептермен төртінші орында тұр. Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін найман ұрпақтарының саны 940 000 адамды құрайды дейді профессор. Мұнан кейін тізімде Әлімұы (811 900), Қоңырат (690 000), Қыпшақ (640 000), Жетіру (580 000), Жалайыр (485 000), Қаңлы (380 000), Керей (341 000), Албан (325 000), Шапырашты (290 000) және Ысты (225 000) сынды рулар орналасқан.
Ал ең саны аз рулар: Суан (165 000), Ошақты (160 000), Сіргелі (160 000), Уақ (160 000).
Рақышевтің статистикасына сенсек, Қазақстандағы ең саны көп Орта жүз (4 681 000 адам), екінші орында – Ұлы жүз (3 618 700 адам), ал үшінші орында – Кіші жүз (2 521 900 адам) тұр.