$ 498.34  519.72  4.85

Мақтарал ауданында жаңа 6 мектеп пайдалануға берілді

1-қыркүйек – Білім күніне орай Мақтарал ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған 6 мектеп ғимаратының тұсауы кесілді.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай пайдалануға берілген білім ұяларының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев қатысып, барша ұстаздар мен оқушыларды жаңа білім күнімен құттықтады. Білім күні 300 орындық төрт және 200 орындық екі мектептің есігі мақтаралдық оқушыларға айқара ашылды.

Жаңадан ашылған барша мектеп ғимараттары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мәселен мұнда лингафондық кабинеттер, интерактивті тақталар, мультимедиялық құралдар, жаңа үлгідегі химия және биология кабинеттері оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндіктер туығызары хақ. Сондай-ақ, спорт залдары мен шеберханалар, мәдениет залдары оқушылардың өздері қалаған кез келген спорт пен өнердің түріне баулыйды.

Айта кетейік, биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «25 жылға – 25 мектеп» деген жаңа бастама аясында 25 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған білім ошақтарының екеуі мектебі жоқ елдімекендерден бой көтерсе, жеті білім нысаны үш ауысымды мектептерді жою үшін салынған. Ал, одан бөлек тағы алты ғимарат ыңғайластырылған мектептердің орнын алмастырса, тоғыз білім ошағы апатты жағдайдағы нысандарды жою үшін, ал бір мектептің іргетасы оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында қаланған.

Атап айтқанда, білім ошақтарының басым бөлігі Мақтарал мен Қазығұрттан бой көтерген. Аталған аудандарда алты мектептен 12 нысан оқушылар үшін есігін айқара ашып отыр. Сайрам мен Шымкентте үш білім ошағынан алты мектеп пайдалануға берілсе, Сарыағашта – екі, Арыста – екі, Түлкібаста – бір, Созақта – бір және Шардарада бір білім мекемесі жұмысын бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары