$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның сыртқы қарызы 166 млрд доллардан асты

Бұл көрсеткіш  2020 жылға қарағанда $6,9 млрд-қа немесе 4,3 пайызға артқан.
Фото: kursiv.kz
Фото: kursiv.kz

Қазақстанның сыртқы қарызы 166 млрд доллардан асты. Бұл туралы LS редакциясы хабарлады.

Ұлттық банктің дерегі бойынша елдің берешегі 2021 жылғы 1 шілдеде 166,7 млрд долларды құраған. Бұл көрсеткіш  2020 жылға қарағанда $6,9 млрд-қа немесе 4,3 пайызға артқан. 

Қарыздың ең көп көлемі Нидерланды еліне тиесілі – $ 44,7 млрд. Бір жыл ішінде ол 0,2 пайызға қысқарған. Ал Қытай алдындағы қарыз – 4,7 пайыз, $9,7 млрд-қа, Жапония алдындағы берешек – 3,5 пайыз, $5,5 млрд-қа дейін азайған. 

Халықаралық ұйымдар алдындағы міндеттемелер бір жыл ішінде – 15 пайыз, $11,4 млрд-қа дейін өскен. Ресей алдындағы берешек 8,5 пайыз, $9,7 млрд-қа, Бермуд аралдарына 7,3 пайыз, $10,2 млрд-қа, Ұлыбританияға 6,9 пайыз, $23,3 млрд-қа дейін артқан. 

Сонымен қатар, Қазақстан Виргин аралдарына $2,9 млрд, БАӘ-не – $2,4 млрд, Германияға $2,3 млрд қарыз.

Qamshy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сыртқы қарыз