Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы саудада доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. АҚШ валютасының орташа сараланған бағамы 3,87 теңгеге төмендеп, 501,49 теңгені құрады.
Айта кетейік, 19-24 наурыздағы доллардың ресми бағамы 505,22 теңге. Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 503,75 теңге, сату – 509,49 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 505,25 теңгеден сатып алынып, 510,98 теңгеден сатылуда.