Альянс банк өзінің қарыздық міндеттемелерін қайта құрылымдау аясындағы қаржылық шарттарды 1.2 миллиард АҚШ доллары көлемінде мақұлдағанын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Банктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бұл шара банк капиталын қалпына келтіруге септігін тигізіп, Темірбанк пен ForteBank-ті банкке қосу жоспарына жағдай жасайды.
Банк алғы дисконттік облигациялар, номинал бойынша төленетін облигациялар және тәртіптелген борышқорлық облигациялар иелері болып табылатын кредиторларға өз қарызын төлеуден босатылады. Қайта құрылымдау және көзделіп отырған бірлесу көпшілік тарапынан мақұлданған жағдайда, аталған кредиторлар күші бар облигацияларын Банк шығарған жаңа облигациялар жиынтығына, Бірлескен Банк капиталындағы үлеске және қолма-қол ақшаға айырбастайтын болады.
Жаңа облигациялар бойынша негізгі сома 236.6 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл сома келісімшарт тәмам болған күннен кейін 30 ай өткен соңғы күннен бастап, жартыжылдық купонның пайыздық төлемі 11.75 пайыз құрайтын, тең мөлшердегі 16 жартыжылдық бөліктермен, келісімшарт тәмәм болған күннен бастап он жыл ішінде төленетін болады.
— Біз Басқарушы комитетпен арадағы келіссөздер нәтижесіне ризамыз. ForteBank пен Темірбанктің Банкке қосылуына қажетті қайта құрылымдау Банк капиталы мен өтімділігін қалпына келтіріп, нәтижесінде қазақстандық банк саласының алдыңғы қатарынан көрінетін көшбасшылардың бірі қалыптасады деп сенеміз. Қайта құрылымдауды және компаниялардың заң тұрғысында бірлесуін жыл соңына таман аяқтаймыз деген үміттеміз, — деді Банк басқармасының төрағасы Тимур Исатаев.