$ 498.34  519.72  4.85

ЭКСПО-2017 көрмесіне шетелдіктер қызығушылық танытпай отыр

Биыл Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 2 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде. Алайда, оның тек 15 пайызы ғана шетелдіктер. Қалған 85 пайызы Қазақстан азаматтары деп хабарлады "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың үшінші жиналысы өтті. Онда көрмеге дайындық пысықталып, қатысушы елдердің павильондарының жағдайы туралы айтылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Астанаға келетін шетелдіктердің (300 мыңдай адам) басым бөлігін қытайлықтар құрайды. Сондай-ақ, ТМД елдері мен АҚШ-тан да азды-кем туристер келеді деп күтілуде. Ал, қалған 1 миллион 700 мыңдай адам өз еліміздің түкпір-түкпірінен жиналмақ.

Осы ретте айта кету керек, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары аймақтарда ЭКСПО-ның билеттерін мұғалімдерге мәжбүрлеп сатып жатқанын жазған болатын. Алайда, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды. Тіпті, мұндай жағдай болған жағдайда дереу байланысып, шағымдануды да сұраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары