$ 494.87  520.65  4.91

ЭКСПО көрмесіне орай Астанаға өзге облыстардан 500 полицей келді

КСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және өткізу кезеңінде Астана қаласына аумақтық Ішкі істер департаменттерінің 500-ден астам қызметкері келді деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, олар қызмет атқару тәсілдері, тексерулер жүргізу, сондай-ақ шет тілдерін оқу курстары бойынша тиісті дайындықтан өткен және Астана қалалық ІІД-нің қызметкерлеріне елорда аумағында құқықтық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін болады. 

Ағымдағы жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғұмбаевтың қатысуымен жеке құрамның саптық тексеруі өтті. Онда техникалар, ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыртқы келбеті, экипировкалары тексерілді.

Өңірден келген қосымша күштер жаңа киіммен, бейне жетондармен, кеуде белгілерімен, ағылшын және басқа да тілдердегі сөздіктермен қамтамасыз етілді.

Астананың аумағына патрульдеу жүргізу үшін қосымша патрульдік автокөліктер, қажетті техникалық құралдар жеткізілді. Жеке құрамға қызметтік этиканы бұлжытпай орындау және Астананың тұрғындары мен қонақтарына сыпайылық таныту, мұқият қарым-қатынаста болу, заңдылық пен тәртіпті бұзу фактілеріне жол бермеу туралы баса айтылды.

ІІМ орталық аппараты қызметкерлерінің тарапынан жеке құрамның қызметін күнделікті тексеру үшін комендаттық патрульдер құрылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары