$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысынан EXPO-2017 көрмесіне 100 ерікті барады

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жас Отан» ЖҚ және EXPO-2017 Халықаралық көрмесінің ресми координаторларының ұйымдастыруымен «Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимаратында «Еркін пікір» дискуссиялық клубының кездесу өтті. «ЭКСПО-2017» көрмесінің ресми өкілдеріне еріктілер тарапынан көрмеге қатысты сұрақтар қойылып, еркін сұхбат жүргізілді.

Алматы облысында EXPO-2017 көрмесіне баратын ресми 100 ерікті бар. Оның 39-ы облыстың аудан және қалаларынан болса, 61 ерікті - Сүлеймен Демирель университетінен. Бұл туралы облыстық жастар ресуртық орталығының директоры Бақтияр Жақсыгелдинов мәлімдеді.

2016 жылдың қазан айында облыстық іріктеу өтіп, оған 160-тан астам жас азамат қатысқан. Қойылған талаптарға қарай олардың арасынан 100 ерікті іріктелген еді. Студент жастардың барлығы да еліміз үшін маңызы зор жиынға баруға сақадай сай.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары