$ 439.43  473.31  4.82

Астананың өз Арбаты болады (ВИДЕО)

Астанада суретшілер мен қолөнершілерге және жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көше пайда болмақ. Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа-орталығы хабарлады.

Жаяу жүргіншілер көшесі Астананың ең көрікті жері – Есіл өзенінің жағалауында, Кенесары хан ескерткішіне жақын жерде орналасады. Көшенің негізгі нысаны хан ордасы болмақ. Жоба қала билігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, Арбат - Мәскеудегі танымал көшенің атауы. Онда қолөнер шеберлері, суретшілер көше ортасында туындыларын әзірлеп, сол жерде сата береді. Мұндай көше Алматыда бар екені белгілі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары