$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

«Арзанға кетіпті»: Дариға Бадықованың «қалың малы» қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Олжас Дариғаға арнайы құда түсіп келіп, сырға салған. 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Әлеуметтік желіде актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың құдалығынан видеолар тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олжас Дариғаға арнайы құда түсіп келіп, сырға салған. 

Екі жас туыстардың ортасында, шағын көлемде атап өткен. 

Сондай-ақ құдалар қалың малды да қоса ала келген. 

Дариғаның қалың малына 10 мың доллар берілді. 

Алайда желі қолданушылары Дариға үшін бұл сомманың аз екенін жазуда. 

"Арзанға кетіпті", "10 мың доллар деген аз ғой", "40-қа келгенде екінші рет тиіп жатыр болады", "Бастысы екі жас бақытты болсын", "Қалыңсыз қыз болмайды деп бергендері ғой", - деп жазды оқырмандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0