$ 443.85  474.3  4.8

Бразилияның ең қорқынышты ауданындағы өмір (ФОТО)

«Құдайдың қаласы» — Рио-де Жанейродағы билік салған фавелдерді жергілікті халық осылай атайды. 1960 жылдары кедейлерге арнап салынған үйлерге қаланың әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары қоныс аударған болатын.

Қазіргі таңда бұл фавелдер Бразилиядағы ең қауіпті аудан болып саналады. Биліктің немқұрайлы қарауы салдарынан есірткі сатушылар мен полиция арасында күн сайын атыс пен қақтығыстар орын алып жатады. Жергілікті тұрғындар кеңсірікті жаратын сасық иіске үйреніп кеткен, мұндағы қоқыс тазаланбайды. Алайда, күн сайын қауіп-қатерге басын тігіп жүруге ешкімнің үйрене алмасы анық. Мұнда кез-келген адам кез-келген уақытта оққа ұшуы мүмкін. Қылмыстық топтар мен полицейлер арасындағы атыс салдарынан жыл сайын жүздеген адам жазықсыз өледі екен. Associated Press тілшілері «Құдайдың қаласына» барып, ең қауіпті фавелдегі өмірді өз көздерімен көріп қайтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары