Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бірнеше көліктің бірінен кейін бірі соқтығысуынан болған.
Өскеменде алты автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы YK-News.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Есенберлин даңғылында болған. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бірнеше көліктің бірінен кейін бірі соқтығысуынан болған.
Алдымен Lada жүргізушісі алдында келе жатқан Honda көлігімен қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, ол тежелген кезде соқтығысқан.
Осы сәтте Toyota Camry жүргізушісі де алдында келе жатқан Kia Sportage көлігіне дейінгі қауіпсіз арақашықтық пен жылдамдықты сақтамай, соқтығысуға жол берген.
Артынша Toyota Ipsum жүргізушісі алдында келе жатқан Toyota Camry көлігі тежелген кезде дер кезінде тоқтай алмай, оны соққан.
Жол апаты салдарынан көліктерге материалдық шығын келді.
Полиция мәліметінше, оқиғаға қатысты барлық жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған.