20.06.2018, 19:31

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімі болып қайта тағайындалды

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттің жаңа әкімі болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметке Нұрлан Сауранбаевтың орнына келді деп жазады Tengrinews.kz.

«Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын», - делінген Ақорданың хабарламасында.

Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда ОҚО облысы Киров ауылында туған. Екі жоғары білімі бар: экономист және мемлекеттік басқару маманы. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.

Еске сала кетейік, Нұрлан Сауранбаев қала әкімі қызметіне 2017 жылдың 7 қарашасында тағайындалған болатын. 7 айдан аса уақытта ол бірнеше әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып үлгерді: «Мектепке қауіпсіз жол», «Қошқарата өзенін абаттандыру» жобасы және тағы басқалары.

Кеше, 19 маусымда Мемлекет басшысы Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілген болатын. 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.