$ 448.15  483.46  4.86

Биыл 7 мамырда әскери шеру өтпейтін болды

Биыл Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад болмайды. Қарулы күштердің бөлімшелері дайындықтарын оқу-жаттығу кезінде  көрсетті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанның ресми сауалына.

"Отан қорғаушылар күніне орай әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ",- деп жазылған Қорғаныс министрлігінің жауабында.

Биыл Қарулы күштер бөлімшелері парадының орнына "Айбалта 2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Ол Алматы облысындағы "Қаратал" полигонында ұйымдастырылған болатын.

"Әскери шеруден бас тартудың айтарлықтай себебі жоқ. Бізде шеруді жыл сайын өткізу керек деген регламент жоқ. Биыл Қарулы күштер бөлімшелері парадының орнына "Айбалта 2019" стратегиялық командалық-штабтық жаттығуы өтті. Жаттығу кезінде қазақстандық әскер өзінің күш-қуатын көрсетті", - деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Серік Боранбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары