$ 443.85  474.3  4.8

Мені түзетпей-ақ қойыңыздаршы! Ерке Есмахан «Мәскеуде олигархпен демалып жатыр» дегендерге жауап берді

Танымал әнші Ерке Есмахан аяғын басса аңдып отыратын өсекшілерден жауыр болғанын айтты. Өзін бәзбіреулермен демалып жүр деген сыбысқа өнер иесі арнайы жауап та берді.

«Мен мысалға Мәскеуге барып демаламын құрбыммен. Сөйтсе, «Мәскеуде бір олигархпен демалып жатыр екен» деп өсек шығарып жіберіпті. Сөйтіп мақала жазып қойған. Таң қалдым. Қазір қадір қалмады ғой (күліп). Бір жерге барып демалайын десең қасыңа біреуді жабыстырып қояды. Өзің демала алмайсың. Ондай ой келмейді. Сондай таяздыққа мен таң қаламын. Тіпті, біреумен демалып жатсам да ол менің жеке өмірім ғой. Мені түзетпей-ақ қойыңыздаршы», – деп ашуланды әнші.  

Сондай-ақ Ерке Есмахан өзіне «ажырасқан» деп күйе жағып, қоғамнан шеттетіп, төмендеткісі келетіндерге де тоқтала кетті.

 «Құдайға шүкір, өз ән кешімді өткізіп жатырмын. Кішкентай қыздар да менің әндерімді айтып жүр. Жаман үлгі болып жатқан жоқпын ғой. Неге қара күйе жаға береді. «Ажырасқан, баласы бар» деп. Бір айтарым – қатты сынамаңыздар»,  – деп Ерке өтінішін де білдірді.

Әнші өнері мен өмірі қатар келгенде алдымен өмірін алдыңғы орынға қоятынын жасырмады. Ол үшін тіпті, сахнаны да құрбан етуге бар.  

«Мен ойлағаннан да керемет, мен күткеннен де ғажап, ақыл-парасаты жоғары азамат болса, «саханадан бас тарт» деп шарт қойса, бас тартар едім. Айтады ғой әйел адам еріне бағынса, жұмақ есіктері ашылады деп. Күйеуімнің ризашылығын алуға барынша тырысамын»,  – деді ол Ләйлә Сұлтанқызының «TheЭфир»  бағдарламасына берген сұхбатында.

Ерке журналист Асхат Садырбаймен ортақ некесінен Мүслім атты ұл өсіріп отыр. Баласының зеректігін айтқан ол ұлының тәрбиесімен анасы айналысып жатқанын жасырмады.

«Мен Асхатпен 1 жылға жуық уақыт тұрдым. Ұлымды анам қарады көп уақыт. Нағашыларының қолында»,  – деп ол сөзін қысқаша қайырды.

Сөз соңында Ерке Есмахан кино түсіргелі жатқан жоспарын да айтып қалды. Басқа салада да өзімді сынап көргім келеді деген ол алдағы туындыларының сәтті шығатынынан үмітті екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары