$ 447.4  477.55  4.76

Жұрттан тығылып некесін қиған қазақстандық әнші жүкті әйелін көрсетті

Отандық Mysterions тобының мүшесі Дильен әке болуға дайындалып жүр. Соңғы уақытта көзден таса болған өнерпаз неліктен көрінбей кеткенінің себебін Instagram-парақшасына жазды. Сондай-ақ, бұрын көрсетпеген әйелінің суретін салып, қуанышты жаңалығымен бөлісті.

«Неге көрінбей кеттіңіз?» деген сұрақтарыңызға жауап берейін. Бұдан ары қарай жасыра алмайтын сияқтымын. Жақын күнде әйелім екеуміз ата-ана атанамыз. Мені әкенің рөлінде көре аласыздар ма? Мен өзімді әлі елестете алмаймын. Қазір бұрынғыдай ұзақ жазбалар жазуға уақытым жетпей жүр. Тіптен мен «Әйелі жүкті кезінде күйеуі өзін қалай ұстағаны жөн?» деген жазба жаза бастадым. Бітірген соң сата бастаймын. Барлық перзентхананы шарлап шықтым. Ол жайында кейін жазамын. Оған дейін әке болуға дайындалайын және жүйкемді сақтайын», - деп жазады әнші.

Дильенді құттықтай жөнелген әлеуметтік желі қолданушылары ерлі-зайыптыларға бақыт тіледі. Сондай-ақ, орамал таққан келіншегінің сұлулығына тәнті болыпты. Осыдан кейін әншіге оқырмандары «Сен де намазхансың ба?» деген сұраулар қоя бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары