$ 449.58  486.94  4.86

Мұқасан Шахзадаев: «Біз Нұрлан екеуміз араласпаймыз»

Белгілі «Нұр-Мұқасан» тобы тарағаннан бері Мұқасан Шахзадаев пен Нұрлан Қонысбаев бір-бірімен араласпай кеткен. Қазақстан телеарнасындағы «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта болған әнші Мұқасан әріптесі жайында сөз қозғады.

Айтуынша, «Нұр-Мұқасан» тобы болып тұрғанда Нұрлан екеуінің бір-біріне деген қарым-қатынасы жақсы болған.

«Сіздерден жасырып қайтемін, бәрібір Алладан жасыра алмаймыз. Иә, біз шын мәнісінде араласпаймыз. Бірақ бір-бірімізге деген сәлеміміз түзу. Қазіргі таңда бұрынғыдай хабарласып, араласамыз деп айта алмаймын. Өкінішке қарай, бұл өмір. Өзі солай болайын деп тұрған шығар», – дейді Мұқасан.

Айта кетсек, аты аңызға айналған «Нұр-Мұқасан» тобы екі жыл бұрын тарап кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары