15.07.2018, 16:28

"Көріскісі келген шығар": Назима танымалдылыққа ие болғалы бұрынғы күйеуі хабарласа бастапты

Назима Жәнібекованың өмірі Ресейдегі "Песни" шоуына қатысқалы бері күрт өзгерген. Ол бұрын өзіне арман болған дүниелерге қол жеткізе алғанын айтады.Cондай-ақ, танымалдылыққа ие болғалы бері Назиманы бұрынғы күйеуі іздей бастаған.

Назима көпшіліктен жеке өмірін жасырған емес. Ол отбасын құрып және балалы болғанды қалаған. Алайда, күйеуімен тіл табыса алмай, ажырасып кетеді. Содан бері бір жарым жыл ішінде күйеуі қызын іздеп келмеген. Бұрынғы күйеуі Назиманы енді ғана іздей бастапты. Бұл жайында әнші "Сomode" басылымына берген сұхбатында айтты.

Жоба аяқталғаннан соң Назима Шымкентке демалысқа барыпты. Сол кезде бұрынғы күйеуі оған хабарласпақшы болып, ВК желісінде достық жіберген. Алайда, Назима онымен сөйлесуден бас тартыпты. Десе де, күйеуі артынша Жәнібекованың ағасына хат жазып, бұрынғы әйелінің телефон нөмірін сұраған.

"Ол екеуміздің нөміріміз өте ұқсас. Соны ұмытып қалғандай-ақ. Әзірге содан бері хабарласа қоймады, тыныш. Бәлкім, ол қызымен көріскісі келген шығар”, – дейді Назима.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.