$ 444.22  476.38  4.82

«Соңғы рет сөйлескенімде, атымды зорға айтқан...»: Алмас Кішкенбаев анасын есіне түсірді

Белгілі әнші Алмас Кішкенбаев әлеуметтік желідегі бір видеоға қарап, анасын есіне түсірді.

Айтуынша, әншінің анасы «Күләйлә» деп әнін айтқанды жақсы көреді екен.

«Осы видеоны көріп, анам есіме түседі. Үйге кіріп келгенде «Эx жаным Күләйлә»  деп ән айтатын еді. Ең сүйікті әні. Соңғы рет сөйлескенімде, атымды зорға айтқанда көзімнің жасын тоқтата алмадым.  Анашым 100 жасашы», – деп әнші мұңлы жазба қалдырды өз Instagram-парақшасында.

Алмас Кішкенбаевтың бұл аянышты жазбасы желі қолданушыларын алаңдадып қойды. Көпшілігі әншіге анасы ауырып жатса, оның жанында болуын жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары