Белгілі әнші Шахизаданы бірнеше жыл бұрын отандық танымал актер бірнеше ер адамға сатып жіберген.
Айтуынша, шоу-бизнесте жүрген қыз-келіншектерді сыртынан сатып жіберетін жағдайлар жиі кездеседі екен. Мұндай оқиғаға тап болған Шахизада сол кезде өзінің «сатылып кетпей», аман қалғанына шүкіршілік айтады.
«Танымал өнер адамы, үлкен кісі мені бірде тойға шақырды. Қанша үлгере алмайтынымды айтқаныммен, шақырып қоймаған соң бардым. Не керек ақшасына келістік. Той иесін танитынмын. Содан той біткен соң мені әлгі ағамыз басқа бөлмеге апарды. Кіріп барсам, бөлмеде өңшең еркектер отыр. Түстері суық. Денемде қорқыныш пайда болды. Бір кезде біреуі басымнан аяғыма дейін қарап шықты. Сол кезде сөз қайтарғаным сол еді, жігіттердің біреуі «Мына қызды дұрыс дайындамапсыңдар» деді. Сөйтсем, тойға шақырған ағам мені әлгі жігіттердің астына салып беру мақсатында шақырыпты. Бізде өнер адамдарында мұндай жағдай жиі кезедседі», – дейді Шахизада «Ойбай Life» интернет-жобасына берген сұхбатында.
Бұл жағдайдан кейін әнші қай жерге тойға барса да, сақтанып жүретін болыпты. Сондай-ақ, әлгі танымал актер Шахизаданы тағы да бірнеше рет тойға шақырған. Алайда, әнші одан бас тартқанын айтады.