$ 444.22  476.38  4.82

«Өмірден қайыршы боп өтесің»: Кеше ғана телеэкранға шыққан Жұлдызға тіл тигізгендерді атасы қарғап-сіледі (ВИДЕО)

Күні кеше ғана «Qazaqstan» телеарнасынан алғаш рет шыққан «Шаңырақ» бағдарламасын жүргізген Жұлдыз Әбдікәрімоваға желідегілер жаппай тіл тигізіп жатыр. «Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін» деген сөз Қайраттың әкесіне қатты тиіп кетсе керек, Айдарбеков жазба иесіне «Өмірден қайыршы боп өтесің» деп жауап қатты.

«Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін» деген осыларға арнап айтылған мақал ғой. Әйтпесе небір оратор, майталман ұл қыздарымыз жүр ғой жоғары оқу орнын бітіріп, табақтай дипломдарымен жұмыс таба алмай. Ал мынау болса тв-дан шықпайды. «Талтаңдасаң талтаңда, ақшаң болса қалтаңда». Әлі шикі, дым да жүргізе алмайды. Қалайша экранға шығарып жіберген?», – деп жазған желі қолданушысы.

Айдарбеков болса, келініне тіл тигізген оқырманға былай деп жауап қатты:

«Гүлнар айтатыныңды бұқпай айт. Атаң тексіз бұғып өткен адам ғой шамасы сенің. Маған ақшаны сен, болмаса сенің тексіз атаң берген жоқ. Өз еңбегім. Бейбақ, сен бұл өмірден осылай қайыршы болып өтесің. Өйткені сен тексізсің», – деп желі қолданушысын Нұртас Айдарбеков қарғап-сіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары