25.09.2018, 10:54

«Кімге тиеміз?»: Меруерт Түсіпбаева жар іздеп жүр

42 жасқа келіп шаңырақ көтерген өнердегі досы Асқар Меңдібаевтың үйленгенін естіген Меруерт Түсіпбаева таңданысын жасыра алмады деп хабарлайды «Айта берсін» бағдарламасы.

Әнші Асқардың 14 жас кіші жұбайына жасаған ұсынысын көріп, таңғалған.

«Мен осындай ақылды, білімді, сымбатты жігіттің осы күнге дейін бойдақ жүргенін естігенде таңғалдым. Өзіміз тиейік десек, адам жоқ. Кімге тиерімізді білмейміз. Қазақтар аз өзі. «Әйтеуір, бір рет барып келдік қой» деп жүрміз. Мен Асқардың басы бос екенін мүлде білмеппін», - деп ағынан жарылды Түсіпбаева.

Айта кетейік, әнші ұлымен бірге 10 жылға шетелге виза алып қойғанын да мәлім етті.

«Жақын достарымыздың бәрі көшіп кетті. Менің досым «Меруерт АҚШ-та адамдар 45 жасында отбасын құрып, 50 жасында балалы болып жатады» дейді. Сонымен Америкаға барамыз. Қартаймаймыз. Жігіт іздейміз», - деп күлді әнші.

Дереккөз: NUR.KZ

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.