Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

25.10.2018, 17:50

Ұлы дала комедиясы: Төреғалидің фильмі 100 миллион теңгеден аса қаражат жинады

Өткен аптада көрерменге жол тартқан «Ұлы дала комедиясы» фильмі кассалық көрсеткіш бойынша алға шықты. Төреғали Төреәлінің фильмі бір ғана демалыста 101 миллион теңгеден аса қаражат жинаған деп жазады Stan.kz.

Нақтырақ айтатын болсақ, Ұлы дала баласының киносы 18-21 қазан аралығында 101 223 360 теңге ақша тапқан.

Айта кетейік, аталған фильмге Төреғалидің әкесі Төреәлі Төлепов продюсерлік еткен. Комедия жанрында түсірілген картинаның режиссері – Дархан Сәркеов.

Ал Америка мен Қытай бірігіп түсірген «Веном» картинасы бұл демалыста 61 миллион теңгеден аса қаражат жинапты. Режиссер Рубян Фляйшердің туындысының бұл үшінші аптадағы жетістігі. Үшінші орынға 34 миллион теңге көрсеткішпен «Хэллоуин» картинасы жайғасқан.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ерке Есмахан да өзінің тырнақалды фильмінің тұсауын кескен болатын.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.