$ 444.32  473.33  4.76

Ләйлә Сұлтанқызы: «Күйеуім мені қабағымен отырғызып-тұрғызады»

7-арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасының жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің қатал екенін, әлі күнге дейін оның қабағын бағып отыратын айтып, желіге жазба қалдырды.

Сұлтанқызы бұл жазбасын «Күйеулер күніне» арнапты.

«Бүгін күйеулер күні дей ме? Мен де осының желеуімен жігітімді мақтап, сезімімді білдіріп алайыншы. Әйтпесе, жай күні жазсам, «Ләйлә қуды» дейсіздер ғой білем.

Менің жігітім - жігіттердің төресі. Мені қабағымен отырғызып, қабағымен тұрғызады қасына. Өзімді Ұлы Қытай қорғанының арғы бетінде тұрғандай сезінемін. Көңілдеріңіз көтерілсін деп қалжыңдап жатқаным ғой. Егер шын айтар болсам, мен Қайрекеңе өмірімдегі барлық тыныс белгі үшін рахмет айтамын.

Мені бақытқа бөлеген шақтарың үшін, маған арнаған әдемі мақтауың үшін, дені сау қос ұлым үшін, отағасынан бөлек достығың үшін, қамқор болған көңілің үшін, бізге арнаған өмірің үшін рахмет», - деп жазды Сұлтанқызы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына.

Еске сала кетейік, Ләйлі Сұлтанқызы 2005 жылы депутатқа тұрмысқа шығып, көпшілік оны айрандай ұйыған отбасының шырқын бұзды деп айыптаған еді. Қазір танымал тележүргізушінің 2 ұлы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары