$ 444.22  476.38  4.82

Ақбота Сейітмағамбет күйеуіне тоқал алуға рұқсат берді

«КешYou» тобының бұрынғы солисі Ақбота Сейітмағамбет күйеуі Дәурен Айдарқұловқа үшінші әйел алуға рұқсат берді. Тоқалға қойылатын талаптарды тізген ол шартқа сай келсе, жұбайының төсегін жаңғыртпақ.

«Көпбалалы әке атану үшін үшінші әйел алу керек-ау?! Оның үстіне маған үй жинайтын, тамақ істейтін, киім үтіктейтін, бала қарайтын адам керек», − деді Сейітмағамбет «НТК» арнасынан шығатын «Ревю» бағдарламасында.

Бұны естіген Айдарқұлов жүзі жадырап, риза боп қалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қос ғашық бір-бірін қатты қызғанатындарын, тіпті киноға түсер кезде арнайы сценаримен танысатындарын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары