Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


05.02.2019, 16:34

Димаш Құдайберген Америкада жеке концертін беруі мүмкін

Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке ән кешін өткізуі мүмкін. Бұл туралы бүгін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты деп жазады Sputniknews.kz.

Қазіргі таңда мәдениет және спорт министрлігі әртістің Нью-Йорктегі «Мэдисон-сквер-гарден» аренасында жеке концертін ұйымдастыру туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

«Бұл оңай шаруа емес. Уақыт керек. Елестетіп көріңіздерші, 15 мың көрермен. Әрине, Димаш шоудың америкалық орындаушылардан еш кем түспегенін қалайды. Бірақ, бұған жақсы репертуар, студия, артта билейтін әртістер керек», - деді Мұхамедиұлы үкімет кулуарында.

Министр Димаштың концертін өткізуге демеушілер көмек көрсететінін, сондай-ақ билеттерді сатудан түскен ақша жұмсалатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова қатысқан америкалық The World's Best шоуы CBS арнасының эфиріне қашан шығатынын айтты.

«Ақпанның екінші жартысында америкалық шоу эфирге шығады. Осы бағдарламадан кейін Америкада Димаш пен Данэлияның танымалдылығы мүлде өзгеше болатынына сенімдімін», - деді министр.

Мұхамедиұлының айтуынша, CBS телеарнасы өткен жылдың қарашасында алғаш рет Алматыда реалити-шоу түсірген. Бұған дейін Димаш Құдайберген Астана күніне орай елордада концерт беретінін мәлімдеген еді.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.